Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
Алматыда биыл 550 мың жасыл желек егу жоспарланған. Оның ішінде биіктігі 5-6 метрден асатын 7200-ден астам ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта отырғызылады. Оған қоса кесілген 40 мыңға жуық талдың орнына жаңа көшеттер егілмек. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында алып шаһарда көгалдандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам жасыл желек егілді, оның ішінде 2600 ірі ағаш және 4 мыңға жуық көшет бар. «Көгалдандыру жұмыстары климаттық ерекшелікті ескеріп, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Өсімдіктердің жерсіну деңгейін арттыруға, төзімді түрлерін таңдауға басымдық берілді», - дейді қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері.
Әділет Нәдірбек, мердігер компания қызметкері:
Ағаштарды отырғызу ерте көктемде және күздің соңында отырғызамыз, ағаштар әлі ұйықтап жатқан кезде, олар оянғанда гүлдеп, әдемі көріну үшін осы үйеңкі ағашын көше бойына отырғызамыз, ал парк, скверлерге алма, алмұрт ағаштары секілді гүлдейтін ағаштарды отырғыздық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы