Алматыда сталкинг үшін сот үкімі шықты
Алматыда сталкинг үшін сот үкімі шықты. Жәбірленуші бес жыл араласқан ер азаматтың үстінен арыз түсірген. Айтуынша, ер адам қудалауын тоқтатпаған. Күдікті бірнеше рет әйелдің үйі мен жұмыс орнының маңына барып, белгісіз абоненттік нөмірлерден қоңырау шалған. Сонымен қатар, WhatsApp мессенджері арқылы қорқыту сипатындағы хабарламалар жіберген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, істі сот қарады. Айта кетейік, сталкинг үшін қазір 865 мың теңге айыппұл, екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе елу тәулікке дейін қамау түріндегі жаза көзделген.
Әлібек Күмісбеков, Медеу ауданы прокуратурасының бөлім бастығы:
Аталған факт бойынша аудан прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындалды. Сталкинг істерін дәлелдеу белгілі бір деңгейде күрделі, себебі әрекеттер ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде жасалады. Негізгі дәлелдемелер болып хабарламалар, скриншоттар, аудио-бейнежазбалар, куәлардың айғақтары, бейнебақылау жазбалары, қоңыраулардың детализациясы қажет.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03