Басты Жаңалықтар Астанада десантшы сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Астанада десантшы сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Елордадағы теміржол вокзалында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде борышын өткеген сарбаздарды қарсы алу рәсімі өтті.

Қуанышты сәтке олардың ата-аналары, жақындары, қала тұрғындары және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері жиналды. Өткен жылдың көктемінде әскерге шақырылған 1200-ге жуық азамат елордаға оралады. Ал наурыз-маусым айлары аралығында олардың орны 1400-ге жуық астаналықпен толығады. Ал бір жыл ішінде бауыр басқан десант жауынгерлер бірін-бірі қимай қоштасып, үйлеріне тарқады.

Бөлісу