ІІМ: Жол апатының 90% жүргізушілердің өзінен болады
Жол көлік оқиғаларының 90%-ы жүргізушілердің қателігінен болады. Жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, қызыл түске өту, жаяу адамға жол бермеу, көлік жүргізу кезінде телефон қарау – жол апатының басты себебі болып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Елде жыл басынан бері шамамен 3 млн-ға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Оның 80%-ға
жуығы автоматты тіркеу жүйелері арқылы анықталған. Қазіргі таңда республика
бойынша 30 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істейді. Ең көп ереже бұзу Алматы,
Астана, Шымкент және Алматы мен Түркістан облысында тірелген. Былтыр елде 6
мыңнан астам жол көлік оқиғасы болып, 300-ден астам адам қаза тапты. Тағы 8
мыңнан астамы жарақат алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл апат саны
төмендеген дейді ведомство өкілдері.
Ақтоты Боранова, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі
аға инспекторы:
Соңғы кезде белең алып келе жатқан құқықбұзушылықтың бір түрі – ұялы телефонға телміру. Қазіргі таңда енді 30 мыңнан астам автоматты түрде тіркеу жүйелері бар деп жатырмыз. Соның көмегімен анықталатын құқықбұзушылықтардың саны өзі бес-алтау. Асыра басқарғаны үшін, бағдаршамады белгіленген тыйым салу белгісіне өтіп кеткен деген сияқты кете береді ғой. Солардың қатарына қазіргі таңда қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін және де ұялы телефонды қолданғаны үшін де жасалған құқықбұзуылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелері анықтайтын болады.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дағыстанда су тасқынынан 4 мыңнан аса адам эвакуацияланды
07.04.2026, 13:11
Шымкентте мың маман жұмысқа жолдама алады
07.04.2026, 13:09
Елімізде үш ғасырға жетер көмір қоры бар
07.04.2026, 13:08
Атырауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
07.04.2026, 13:07
Тараз көшелеріне көлік қаңқалары қойыла бастады
07.04.2026, 13:06
Иран Ормуз бұғазында жаңа тәртіп орнатпақ
07.04.2026, 13:04
БҰҰ: Кубада гуманитарлық дағдарыс
07.04.2026, 13:03
Қостанайда ₸2,5 млрд субсидия ұрлағандар сотталды
07.04.2026, 13:02