Дағыстанда су тасқынынан 4 мыңнан аса адам эвакуацияланды
Дағыстанда су тасқынынан 4 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Геджух су қоймасында дамба жарылып, бірнеше тұрғын қайтыс болды. Бір апта бұрын басталған су тасқынымен күрес әлі жалғасуда. Толығырақ Ресейдегі меншікті тілшіміз тарқатады.
Бұл Дағыстандағы соңғы 100 жылдағы ең жойқын су тасқыны, - дейді
мамандар. Солтүстік Кавказда наурыз айының соңынан бері жауын-шашын бір
толастамады. Биыл қар қалың болғандықтан, тау суы еріп, өзендер арнасынан асты.
Ең қатты зардап шеккен аймақ – Дағыстан. Су деңгейі 1,5 метрге дейін көтерілді,
тасқынға шыдас бермей ескі үйлер құлап, опырылып жатыр.
Патимат Расулова, Махачкала
қаласының тұрғыны:
Үлкен қайғыға душар болдық. Үйлерімізді су басып, шығынға баттық. Бұл жағдайда бірлігіміз арта түскендей. Өте қиын.
Жамбулат Салаватов, Махачкала
қаласының басшысы:
Тасқынның екпіні өте күшті, тіпті үйлерді шайып кетті Алты қабатты бірнеше үй судың жағасында, заңсыз салынған. Сондықтан осындай жағдайда тап болдық.
Елде төтенше жағдай жариялагды. Дербент, Махачкала қалаларында көліктері
аударылып, суда қалқып қалды. Көпірлер мен өткелдер қирап, мыңдаған адам жарық
пен суға зәру. Мамандардың айтуынша, қаланың кәріз жүйесі мұндай үлкен көлемдегі
суды қабылдауға дайын болмай шықты. Зардап шеккен 4 мыңнан астам адам қауіпсіз
жерге көшірілді.
Сергей Меликов, Дағыстан
Республикасының басшысы:
Су тасқынынан зардап шеккендер түгел 31 желтоқсанға дейін салықтан босатылады. Сонымен қатар, олардың несиелерін төлеуге жеңілдік жолдарын қарастырамыз.
Эмилия Раджабова, Махачкала қаласы басшысының орынбасары:
Уақытша орналастыру пункттерінде тұрғындарды орналастырып жатырмыз. Су тасқыны басталған сәттен бастап 350 адам осында тұрып жатыр. Оның ішінде балалар да бар.
Су тасқынының салдарынан республикада ішек инфекциясы тарай бастады. Соңғы 2
күнде 21 адамнан ауру анықталған. Сондықтан А гепатитіне қарсы вакцинациялау
басталды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте мың маман жұмысқа жолдама алады
07.04.2026, 13:09
Елімізде үш ғасырға жетер көмір қоры бар
07.04.2026, 13:08
Атырауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
07.04.2026, 13:07
Тараз көшелеріне көлік қаңқалары қойыла бастады
07.04.2026, 13:06
Иран Ормуз бұғазында жаңа тәртіп орнатпақ
07.04.2026, 13:04
БҰҰ: Кубада гуманитарлық дағдарыс
07.04.2026, 13:03
Қостанайда ₸2,5 млрд субсидия ұрлағандар сотталды
07.04.2026, 13:02
ІІМ: Жол апатының 90% жүргізушілердің өзінен болады
07.04.2026, 13:01