Үй алуға «көмектесетін» делдалдар көбейген
«7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегін жеделдетіп, несиені мақұлдатуға кепілдік алып береміз. Сыйақы төлесеңіз, тіпті банктердің лимиттерін алып беруге көмектесеміз».
Дәл осындай оңай олжаны ұсынатын, өзін ипотекалық брокер, кеңесші немесе делдал
ретінде таныстыратын «көмекшілер» көбейген. Қазақстанның орнықтылық қоры мұның алаяқтық,
жалған қызмет түрі екенін айтып, тұрғындарды күмәнді делдалдарға алданбауға
шақырып отыр. Себебі «7-20-25»
немесе кез келген мемлекеттік бағдарлама
аясында банктердің өтінім қабылдау процесі толық автоматтандырылған және оған
сырттан әсер ету мүмкін емес. Ешкімге ақша төлемей-ақ ипотекаға өтінім беруге
болады. Банктер де өз құзыреті аясында мұндай құқық бұзушылықтармен күрес
жүргізіп жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы