Екібастұз қаласы шикізатқа тәуелділікті азайтты
Шағын қалалар қатарынан шыққан Екібастұз шикізат сатуды мейлінше азайтып, терең өңдеу, энергетика және цифрлық экономикаға басымдық беретін индустриялық орталық ретінде дамуға бет бұрды.
Қазіргі күні өңірде жалпыұлттық пул бойынша құны 6,4 трлн теңге болатын 21 жоба
іске асырылуда. Енді бұған құны 500 млрд теңгеден асатын тағы 8 жоба
қосылады. Негізінен 4 бағытты қамтиды. Цифрлық экономика, энергетика, тұрақты
жұмыспен қамту секторы және өндірістік сала. Соңғысы бойынша жаңа алюминий
зауыты салынады. Инвестиция көлемі 117млрд теңге. 330 адам тұрақты жұмыспен
қамтылады.
Аян Бейсекин, қала әкімі:
Бұл кәсіпорын жылына 125 мың тонна ақ қалайы шығарады. Одан бөлек көмірді байытуға арналған кәсіпорын құрылысын бастаймыз. 2028 жылы іске қосылады. Оған 60 млрд теңге инвестиция құйылады. Жартылай кокс шығаратын зауыт құрылысында биыл бастаймыз. Инвестиция көлемі 40 млрд теңге. Бұл дегеніміз - шикізатты қазып алып, оны терең өндеу арқылы тұтынушыға дайын өнім күйінде жеткізіп беру. Бұл жобалар Президентіміздің индустрияландыруды дамыту және шикізатқа тәуелділіктен арылу тапсырмасы бойынша іске асырылады.
Бұл жобаларды іске асыру арқылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 трлн теңгеден
2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Ал өнімділік 30 пайызға артады. Қала бюджетіне
салықтан 12 млрд теңге қаржы түседі деп болжанған.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03