«Serpin Way» керуені Жамбыл жеріне жетті
Солтүстік өңірлерден оңтүстікке бағыт алған «Serpin Way» кәсіби бағдар беру керуені Алматыдан Жамбыл жеріне жетті. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жастары Қордай мен Меркі ауданындағы оннан астам мектепке барды. Олар аудандарды 3 күн бойы араламақ. Мақсат – оңтүстік жастарының солтүстікте сапалы білім алуына септесу. Сондай-ақ жұмыс күші көп аймақтардың жастарын маман тапшылығы бар өңірлерге оқуға түсіруге шақырады. Ары қарай жұмысқа орналасуға жағдай жасайды. Жалпы, жоба аясында білім алушыға тегін оқу, жатақхана, шәкіртақы мен жолақысы беріледі. Керуен Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облысындағы 30-дан астам елді мекенді аралайды. Бір айға жуық жалғасатын керуен сапарына 600 мың адам қатысады.
Қордайдың жастарына, оқушыларына өзіміздің білім беру бағдарламамыз туралы, университетіміз туралы мектептерге ақпарат беру, оқушыларға жалпы университетіміздің артықшылықтары туралы ақпараттарды айту - мақсатымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы