Басты Жаңалықтар Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты

Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Вашингтон уақытымен 20:00-ге дейін немесе Астана уақытымен ертең таңғы сағат 5-ке дейін Ормұз бұғазын қайта ашу туралы шарт қойып отыр. Ол орындалмаса, Құрама Штаттар Ислам Республикасы аумағындағы көпірлер мен электр станцияларын төрт сағат ішінде түгелдей қиратпақ.

Айта кетсек, бұл су жолы арқылы әлем мұнайы мен сұйытылған газының 20 пайыз өтеді. Иран Ормұзда сауда кемелері мен танкерлерді тоқтатқалы, дүниежүзінде энергетикалық шикізат бағасы ондаған пайызға қымбаттап, жаһан экономикасына инфляция қаупі төніп тұр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Оларда ертеңге дейін уақыт бар. Көреміз не боларын. Бізге ғажап елдер көмектесіп жатыр. Бұл мемлекеттер де мұның бәрінің тезірек аяқталғанын қалайды. Себебі өздері де зардап шегіп жатыр. Шығыс уақытымен сағат 8-ге дейін ойлануға мұрша бердік. Содан кейін Иранда не көпір, не электр станциясы қалмайды.

Тегеранның кейбір тұрғындарының ойынша, мұндай ультиматумға жергілікті биліктің бағынуы екіталай және Трамптың шарты бойынша Иранның қандайда бір келісім жасауы мүмкін емес.

Радния, Тегеран тұрғыны:

Егер АҚШ мұндай шабуылға қауқарлы болса, оны соғыстың бірінші күні неге жасамады? Себебі олар біледі: мұндай соққының ауыртпашылығын бүкіл әлем тартады. Құрама Штаттар қарапайым ел емес. Ол өзін супердержава санайтын мемлекет. Ал біздің армия инфрақұрылым қираса, олардан үш есе жойқын күшпен кек алады деп ойлаймын.

Бахран, Тегеран тұрғыны:

Ақылынан адасқан адамнан бәрін күтуге болады. Ол джунгли заңын ту етіп, ойына келгенін істеп жатыр ғой. Бірақ меніңше, Америка бізге мейлінше дөрекі күшпен шабуыл жасады. Өз басым бұдан асқан ауыр соққы енді жасалатынына аса сенбеймін.

Трамп бір сөзінде Иранды тіпті «бір түнде жоюға болатынын» да айтып қалды. Бірақ Иран қарсылықты бәрібір жалғастырып жатыр. Ол қазір АҚШ пен Израильге 10 пунктен тұратын талап қойып отыр. Солардың қатарында шабуылды тоқтату, елді санкциялардан босатып, қалпына келтіру, Ормұздан қауіпсіз өту туралы пртотокол қабылдау тәрізді шарттар бар.


Бөлісу