Басты Жаңалықтар Дипломсыз «психологтар» жауапқа тартылады

Дипломсыз «психологтар» жауапқа тартылады

Енді коучтар азаматтарға психологиялық қызмет ұсына алмайды. Тиісті заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Арнайы реестр құрылмақ. Оған тек дипломы бар мамандар қабылданады. Сондай-ақ қайта даярлау сабақтарынан өтіп, кемі бес жылда бір рет емтихан тапсыру да міндеттелуі мүмкін. Бұдан бөлек жоғары не арнаулы білімі болмаса да, әлеуметтік желіде өзін психолог ретінде таныстырып, қызметін сатқандар алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылады.

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:
Мыңдаған адам көмек іздейді, бірақ ешқандай бақылау жоқ, талаптары айқындалмаған нарыққа тап болады. Егер аспаз адамды улап қойса, мейрамхана жабылады, жауапкершілік бар, іс қозғалады. Ал егер аталған психолог адамның тағдырын, өмірін тас-талқан етсе ше, кім оған жауапты? Бұл заң енді осы қауіпті әрі түсініксіз жағдайды түбегейлі өзгертеді. Енді психологтардың ашық әрі нақты реестрі болады.


Бөлісу