Жалған хабарлама таратып, қаржы жымқырған топ ұсталды
Банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, жаппай жалған SMS хабарлама таратқан топ ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, күдіктілер базалық станцияның жұмысын қайталайтын SMS-бластер пайдаланған. Бұл құрылғы байланыс операторларының қорғанысты айналып өтіп, сағатына 100 мыңға дейін хабарлама таратуға мүмкіндік берген. Хабарламалар «Beeline» және «Halyk Bank» компаниялары атынан жіберілгендей көрініп, азаматтарға жиналған бонустарды айырбастау ұсынылған. Сілтемеге өткендер жалған сайттарға кіріп, тауар таңдаған соң жеке деректерін, соның ішінде банк картасы мәліметтері мен SMS-кодты енгізген. Осылайша күдіктелер құпия ақпаратқа, банктік қаражатқа қол жеткізген.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл азаматтардың ауқымды алдануы мен елеулі қаржылық шығындарының алдын алуға мүмкіндік берді. Тергеу жалғасуда. Айта кету керек, бұл – ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген жағдай.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28