Басты Жаңалықтар Қазақстан Орталық Азияның сауда хабына айналып келеді

Қазақстан Орталық Азияның сауда хабына айналып келеді

Қазақстан Орталық Азияның сауда хабына айналуда. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғанына 10 жыл толды. Енді Қазақстан ұйымнан сауда-саттық бағытында жиған тәжірибесімен бөлісуді бастады. Бүгін осы мақсатта Астанада Дүниежүзілік сауда ұйымының жаңа өңірлік бағдарламасы – Kazakhstan Central Asia Program іске қосылды. Бағдарлама Орталық Азия елдерінің халықаралық сауда саласындағы әлеуетін арттыруға және Қазақстанның өңірлік сараптамалық орталық ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған. 10 сәуірге дейін жалғасатын семинарға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері, сондай-ақ сауда саясаты саласындағы  халықаралық сарапшылар қатысуда.

Қайрат Төребаев, ДСҰ жаныдағы Қазақстанның тұрақты өкілі және сауда саясатын шолу органының төрағасы:

Биыл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғанына 10 жыл толды. Дүниежүзілік сауда ұйымының эксперттерімен, сарапшыларымен және Азия даму банкмен бірлесіп, семинар ұйымдастырдық. Бұл семинарда ДСҰ-ң заңдарын, қалай оны қолдану керек және қандай мүмкіндіктер барын мемлекеттік жұмысшыларға Қазақстанның 50 ден астам және Орталық Азия мемелкеттеріне түсіндіріп жатырмыз.

Биллур Ахмедова, Әзербайжан Республикасының СІМ екінші хатшысы:

Мен Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарамын. Негізгі бағытым – халықаралық сауда. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі іс-шараның маңызы айрықша. Қазақстан тарапы Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында елеулі тәжірибе жинақтаған. Сондықтан бұл жиын өзара тәжірибе алмасуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосады деп есептеймін.


Бөлісу