Қостанай облысында 5,1 млн гектар жерге дән себіледі
Қостанай облысында биыл 5,1 млн гектар
жерге дән себіледі. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңір
диқандары көктемгі науқанға сақадай-сай. Биыл күн жылы, сондықтан алқаптағы
жұмыс та жылдағыдан ерте басталады. 514 мың тонна сапалы астық тұқымы дайын,
мемлекеттен 73 мың тоннаға жуық арзан дизель отыны бөлінген. Литрі 281 теңге.
Оның 53 тоннасы шаруаларға жеткізілді. Қалғаны да кестеге сай тасымалдануы
тиіс. Түрлі қаржы институттары арқылы дала жұмыстары үшін диқандарға 30 млдр
теңге көлемінде несие берілді. Ал егіс науқаны мамыр айының ортасында басталуы
тиіс.
Ибраһим Бекмқхамедов,
облыстық а/ш және жер қатынастары басқармасының басшысы:
Былтырғы көрсеткіш өте жоғары болды. 7 млн тоннадан артық дәнді дақыл жиналды. Статистика бойынша соңғы 15 жылда мұндай нәтиже болмаған. Биыл да барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз, шаруаларға несие беріліп, жеңілдетілген дизель отынымен қамтылып жатыр. Сондықтан өңір биыл да мол өнім алуға толық дайын.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28