Басты Жаңалықтар Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр

Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр

Биыл Үкімет азаматтардың нақты табысын 2-3 пайызға арттыруды көздейді. Бұл туралы Премьер-министр қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі кеңесте айтты. Олжас Бектеновтің сөзінше, былтырғы жылдың қазан айынан бастап жылдық инфляция баяулай бастаған. Қазіргі күні несие саясаты, өнім өндіру көлемін ұлғайту, ішкі нарықты қажетті азық-түлікпен толық қамту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жиында Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан адами капиталды, кәсіпкерлікті және жасанды интеллект саласындағы жоба қаралды. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобасы талқыланды. Бұл жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асады. Премьер-министр Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді өзара іс-қимылының маңыздылығына назар аударып, тиісті мемлекеттік органдарға отырыста айтылған ұсыныстарды зерделеуді тапсырды.


Бөлісу