Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
Абай облысының Ақсуат ауданында атты полицей адасып кеткен 3 жастағы баланы жапан даладан тапты. Үйдің төңірегінде ойнап жүрген бүлдіршін қызық қуып, алдымен ауладан, сосын ауылдан ұзап кеткен. Баланы көз жететін жерден таппаған туыстары дереу полицияға хабарласыпты. Жоғалған балақайды іздеуге полицияның жеке құрамы мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Бірнеше сағаттан кейін атты полиция қызметкері баланы елді мекеннен 3 шақырым жерде адасып жүрген жерінен тапқан. Бала дін аман. Денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Полицейлер бүлдіршінді аман-есен ата анасына табыстады.
Тоғжан Тұрарбекова, Ақсуат ауылының тұрғыны:
Ұлым Әлихан таңғы сағат 8-ден түскі 1-ге дейін жоғалып кетті. Осы ұлымды тауып берген Ақсуат аудандық полиция қызметкерлеріне көптен көп алғысымды айтамын. Шеңгелдің арасынан тауып берді. Жұмыстарыңыздың жемісін көре беріңіздер.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Түркияда 2027 жылы Айды зерттеуге ғарыштық аппарат ұшырылады
15.09.2026, 19:55