Түркістанда «Turǵyndar amanaty» семинар-форумы өтті
Тұрғын үйді басқаруға қатысты жаңа талаптар мен энергетика, инфрақұрылымды басқарудың жаңа моделі Түркістан төрінде кеңінен талқыланды. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған семинар-форумда «Тұрғындар аманаты» жобасы таныстырылып, оның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыруды көздейтін реформалар әрбір қала тұрғынының өмір сапасына тікелей әсер етпек. Жоба аясында коммуналдық тарифтер мен абаттандыру, жарықтандыру, лифтілер, интернет, қауіпсіздік мәселелері бойынша жүйелі шешімдер қабылданатын болады. Жыл басынан бері осындай форум-семинарлар Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында өтті.
Ержан Жылқыбаев, «Amanat» партиясының хатшысы:
Республикада 20 мыңнан астам ПИК, МИБ төрағалары бар, бірлестігі бар. 2,5 млн-ға жуық көппәтерлі үйлер бар. Форумның мақсаты – әр өңірде осындай ПИК-тардың басшыларын жинап, біз оқытамыз, бірінші. Қалай тұрғын үйлерді басқару керек. ПИК, МИБ төрағаларының ішінен партияның жанынан кеңес құрып жатырмыз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28