Басты Жаңалықтар Шымкентте жасыл желек қурап жатыр

Шымкентте жасыл желек қурап жатыр

Шымкентте жасыл желек біртіндеп қурап барады. Шахардағы гүлзарларда өсімдіктер солып, бұталар сарғайған. Айнала тұрмыстық қалдықтарға толы. Құлпырған көктем мезгілінде қоңыр күздің көрінісі байқалады. Мамандар мұны ауа райының күрт өзгеруімен қатар, қызмет көрсету мәселелерімен байланыстырады. Соған қарамастан, жасыл аймақтарды күтіп-баптауға бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп келеді.

Абдолла Исатөре, қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы:

25 жылға дейін қараусыз қалған саябақта жатқан. Қазіргі таңда келісім шарт аяқталуына байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланды. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталып, қайта қалпына келтіру және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады.

Мемлекеттік сатып алу порталының дерегіне сәйкес, «ShymCity, «Сәуле» және «Манеж» саябақтарын күтіп-баптауға қатысты байқау 9 ақпанда жарияланған. Алайда белгісіз себептермен бұл процесс кейінге қалдырылды. 31 наурызда құны 238 миллион теңгеден асатын лот қайта жарияланды. Ал мердігер мекеме конкурстық рәсімдер аяқталған соң ғана белгілі болмақ.


Бөлісу