Жасыл энергия – үш елдің ортақ стратегиясы
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан. Аталған үш ел бірігіп, енді жел мен күннен алынатын таза энергияны дамытады. Тіпті оны Еуропаға дейін экспорттауға мүмкіндік бар. Бүгін Сенатта «жасыл энергия» туралы заң мақұлданды. Келісім 2024 жылдың қарашасында Бакуде үш ел басшылары қол қойған құжат негізінде жүзеге асып отыр. Басты мақсат — жаңартылатын энергия көздерін дамыту және «таза» электр энергиясын халықаралық нарықтарға шығару. Сарапшылардың пікірінше, бұл келісім Қазақстанның өңірлік энергетикалық хаб ретіндегі рөлін күшейтеді. Қазірдің өзінде елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артып келеді. 160-тан астам нысан жұмыс істеп, «жасыл» энергия өндірісі жыл сайын өсіп келеді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қаралған үшжақты келісім елдеріміз арасында жасыл энергетиканы дамыту жолындағы бірлескен жұмысты айқындайды. Оның тиімділігін арттыру үшін тараптар арнайы Басқарушы комитет пен Жұмыс топтарын құруды көздеп отыр. Жалпы, бұл заңды мақұлдау елімізде жаңартылатын энергия саласын дамытуға және осы бағытта өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға өз септігін тигізеді деп сенеміз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суды үнемдеп, өнімді еселеген тәсіл
09.04.2026, 13:05
Қарызын жаппаған шаруалаларға несие берілмейді
09.04.2026, 13:04
«Семей орманы» резерваты жаңа техникамен жабдықталған
09.04.2026, 13:03
АҚШ – Иран келіссөзі сенбіде өтеді
09.04.2026, 13:02
600-дей инвестордың құқы қорғалған
09.04.2026, 13:01
Батагөйлер байқауы мәресіне жетті
09.04.2026, 10:20
Шымкентте жасыл желек қурап жатыр
09.04.2026, 10:18
Түркістанда «Turǵyndar amanaty» семинар-форумы өтті
09.04.2026, 10:16