600-дей инвестордың құқы қорғалған
Жыл басталғалы 600-ге жуық инвестордың құқығы қорғалған. Прокурорлық сүзігден соң мыңнан астам негізсіз шешімнің күші жойылыаты. Қадағалаушы орган 450 заңсыз тексерудің, 500 әкімшілік істің және 200-ден астам шектеу шарасын тоқтатқан. Бұл туралы инвестицияларды қорғау жөніндегі алғашқы форумда айтылды. Былтыр Президент жарлығымен Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Бүгінде прокуратураның бақылауында жалпы құны 96 трлн теңге болатын 3 мыңға тарта инвестициялық жоба бар. Енді, комитет жанынан мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысатын Сараптамалық кеңес құрылмақ. Кеңес тоқсан сайын инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Бауыржан Ералы, Бас прокуратураның инвесторлардың құқықтарын қорғау комтетінің төрағасы:
Инвестомбудсменнің жұмыс органы ретінде жыл басынан бері 600-ге жуық инвестордың құқығын қорғап, жоба барысында келтірілген кедергілерді жоюға көмектесті. Айта кету керек, инвесторлардың әр жобасына жеке прокурор бекітілген. Ол прокурур жеке жобаның аяғына дейін сүйемелдейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы