Басты Жаңалықтар «Семей орманы» резерваты жаңа техникамен жабдықталған

«Семей орманы» резерваты жаңа техникамен жабдықталған

Бүгін Абай облысына Премьер-Министр Олжас Бектенов келді. Сапар аясында Үкімет басшысы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында Президент тапсырмаларын орындау бойынша ормандарды қорғау мен сақтаудағы заманауи цифрлық технологиялардың енгізілуін тексерді. Арнайы оқу-жаттығуына қатысты. Шара кезінде резерват аумағында табиғи өрттердің алдын алу және ерте анықтау жүйесі таныстырылды. Жалпы аумағы 656 мың гектардан асатын орман алқабында заманауи бақылау жүйесі қойылған. Қазір мұнда 510 мың гектарды қадағалайтын 37 бейнекамера жұмыс істейді. Жаттығу кезінде  шартты өрт ошағы әдейі тұтатылып, жүйенің оны қаншалықты жылдам анықтайтыны көрсетілді. Сондай-ақ өрт сөндіру техникалары мен құрал-жабдықтар таныстырылды. Тек өткен жылдың өзінде лизингтік қаражат есебінен 39 жаңа өрт сөндіру автокөлігі, 26 шағын орман өрт сөндіру кешені мен аспалы жабдықтары бар 10 трактор сатып алынған.
Нұржан Бекенов, «Семей орманы» табиғи орман резерваты директорының орынбасары:

Өздеріңіз білетіндей 2023 жылы үлкен өрттен кейін 26-шы жылға дейін Семей орманы аумағында техникамен жабдықтау 100 пайызға қамтылды. Өрт бақылау мұнарасы бар. Өрт өшіру маусымында тәулік бойы кезекшілік өткізеді. Одан басқа екі тікұшақ бар.


Бөлісу