Қарызын жаппаған шаруалаларға несие берілмейді
Павлодарлық шаруалар көктемгі дала жұмыстарына несие ала алмай отыр. Бұған олардың өздері де кінәлі. Себебі фермерлердің көбі былтыр алған қарызды жаппаған. Яғни, бірінің кесірі біріне тиіп отыр. Мәселен, Павлодар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Павлодар аграрлық несие корпорациясы» АҚ- на 1,5 млрд.теңге қарыз. Бұл тек «Кең дала-2» бағдардамасы бойынша ғана.
Жандос Садықов, «Павлодар» ӘКК аға
менеджері:
Біз екі жыл бойы көктемгі егіс жұмыстарына несие бердік. Биыл мүлдем тоқтатылды. Енді «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша Аграрлық несие корпорациясы ғана қаржыландырады. Егер осы сәуір айында шаруалар барлық қарыздарын жапса ғана онда олар басқа қаржылық институттар арқылы ақша алулары мүмкін.
Яғни қарыздарын жаппайынша мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінетін өсімі
төмен несие берілмейді. Бұдан бөлек банктен коммерциялық пайызбен несие алуға
да тиым салынған. Ерлан Тоқтышақұлы ондаған дихандар біріккен кооператив
төрағасы. Енді бірер күнде қыр төсіне соқа саламыз дейді. Себебі қар ерте
кетіп, жер құрғап барады. Сондықтан дән себу жұмыстары жылдағыдан ерте
басталады.
Ерлан Тоқтышақов, «Ертіс
агро» кооперативінің төрағасы:
Кішкентай жеке меншіктерге өте қиын болады биылғы жылда. Себебі, олардың ақшалары жоқ. Олар осы несиеге қарап отыр. Жанар-жағармай, тұқым, гербецид, қосалқы бөлшектер. Дер кезінде алмаса кейін үлгермейді. Неге десеңіз жер қазір құрғайды, содан өте қиын болады.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суды үнемдеп, өнімді еселеген тәсіл
09.04.2026, 13:05
«Семей орманы» резерваты жаңа техникамен жабдықталған
09.04.2026, 13:03
АҚШ – Иран келіссөзі сенбіде өтеді
09.04.2026, 13:02
600-дей инвестордың құқы қорғалған
09.04.2026, 13:01
Жасыл энергия – үш елдің ортақ стратегиясы
09.04.2026, 13:00
Батагөйлер байқауы мәресіне жетті
09.04.2026, 10:20
Шымкентте жасыл желек қурап жатыр
09.04.2026, 10:18
Түркістанда «Turǵyndar amanaty» семинар-форумы өтті
09.04.2026, 10:16