Ғалымдар Алтын Орда дәуіріндегі қорым кешенін тапты
Батыс Қазақстан облысында ғалымдар Алтын Орда дәуіріне жататын жаңа қорым мен жәдігерлерді тапты. Ғылыми жоба «Жас ғалым» гранттық бағдарламасы аясында жүзеге асты. Археологиялық қазба жұмысы Қамыс-Самар су жүйесіндегі Қараөзен, Сарыөзен, Жайық бойында жүргізілген. Ғалымдар Жаңақала, Айдархан, Жаңақазан ауылдары маңынан обалар мен қорым кешендерін анықтаған. Ол жерлерден отырықшы мәдениетті айғақтайтын керамикалық ыдыс сынықтары, қыш пешінің қалдығы, су жүйесінің артефактары табылған. Ихтиозавр, плиозавр жыртқыштары миллион жылдар бұрын Батыс Қазақстан аймағын мекендеген. Ғалымдар жәдігерлерді цифрландырып, 3D моделін жасаған. Екі бағыт бойынша да зерттеу жұмысы жалғаса береді.
Дарын Сағидуллаев, М.Өтемісов атындағы БҚУ аға оқытушысы, PhD:
Жаңақала ауылының маңайында Орысқопа деген көл бар. Соның солтүстік бөлігінде қоныс бар алтынордалық, соны анықтадық. Және Айдархан ауылының қасында Макринский-1 деген жерлеу орындарының кешені бар. Батыс Қазақстан облысында мұндай қоныстардың көп болуы – жәй ғана көшпелі өркениет өңірі емес, Алтын орданың орталық аймағының бірі болғандығын айтуға мүмкіндік береді және соны дәлелдей алады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03