Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Cәуірдің 1-інде ғарышқа ұшқан төрт астронавт Айды айналып өту миссиясын аяқтады. Енді Жерге оралуға әзірленіп жатыр. Болжамдарға қарағанда, олар  мінген «Орион» кемесі АҚШ-тың Сан-Диего жағалауына жергілікті уақытпен жұма күні кешкі сағат 8-де қонуы керек.

Франциядан Ұлыбританияға Ла-Манш арқылы жел толтырылған қайыққа отырмақ болған төрт мигрант қаза тапты. Жергілікті басшылықтың мәлімдеуінше, су көлігі аударылғанда құрдымға кеткендердің екеуі – әйел.

Таяу Шығыста атысты тоқтату туралы келісімнен Ормұз бұғазының ашылатынына күмәннің күшеюі мұнай бағасын қайта қымбаттатты. Бүгін энергетикалық шикізаттың Brent маркасының құны 4 пайызға жуық өсіп, 99 долларға жақындады.

Cудандағы соғыстан көрші Чадқа қашып барған 1 миллионнан астам босқын азық-түліксіз, ауызсусыз қалуға жақын. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Оның дерегінше, судандықтарды аштықтан құтқару үшін донор-мемлекеттер кемінде 400 миллион доллар жәрдем бөлуі керек.


Бөлісу