ШҚО-да «Тұрғындар аманаты» жобасы бойынша форум өтті
Әр қалада «тұрғындар аманаты» жобасы құрылып жатыр. Бұл тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы түйткілді шешуға арналған. Яғни көпқабатты баспананың басқарушысына көңілі толғамаған немесе ұсынысы ескерілемген тұрғын «Аманат» партиясы жанынан құрылған комиссияға жүгіне алады. Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен мүлік иелерінің бірлестігі және жеке пәтер иелері кооперативіне қатысты мәселені сала мамандары Өскеменде арнайы форумда талқыланды.
Қазақстанда қазір 2,5 миллион көпқабатты тұрғын үй бар. Сексен пайызы тұрғындардың жеке меншігі. Дегенмен ортақ мүлікті басқаруда тұрғындар арасында ортақ шешімге келе алмайтын кездер де болады. Бірақ былтыр қабылданған тұрғын үй қатынасы туралы заң бұл саладағы біраз түйткіл реттелді.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Бүгінгі басты мақсат тек заңнамалық өзгерістерді талқылау емес. Бұл мүлік иелерінің бірілестіктері мен пәтер иелері кооперативтері қызметінде туындайтын нақты мәселелер бойынша ортақ шешімдер табу. Бұл бағыттағы жауапкершілік барлығымызға ортақ.Ортақ жауапкершіліктен ешкім қашпайды. Қазір тұрғын үй саласына қатысты түйткілді мәселені бірігіп шешетін, жалпы ел аумағында 20 мыңға жуық мүлік иесінің бірілестігі жұмыс істейді.
Ержан Жылқыбаев, «Amanat» партиясының хатшысы:
Барлық КСК-ның әр өңірде проблемалары бар. Соны біз жинақтап, орталықта осы форум біткеннен кейін республикалық жиын болады, партиямыздың төрағасымен. Сол жерде заңға тиісті өзгерістер енгізу керек болса, сол жерде қаралады. Ал жергілікті әкімдікпен шешілетін мәселе осы жергілікті жерде қаралады.Қаралып, шешімін тауып жатқан мәселе де көп. Тек Өскеменнің өзінде қазір 1800-ден аса көппәтерлі тұрғын үй бар. Мыңға жуық аула бар. Былтыр 42 аула жаңартылып, 17 ойын, 8 спорт алаңы салынды. Ендігі кезек ілініп тұрған лифтілерде.
Азамат Апахаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:
Ол бойынша ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап жаңғырту жұмыстарын жүргіземіз. Осы жылы 37 аула абаттандырылады. Осы жылы 1,3 миллиард теңге қарастырдық.Дегенмен қалада әлі де санда болғанмен, санат пен сапа жоқ көпқабатты үйлер бар. Ондағы пәтерлерде ие бар. Бірақ әбден тозғандықтан, кие жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы