Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысқандар наградталды
Биыл ақпан айында Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жедел ұйымдастырылған. Сол миссияға атсалысқан азаматтар марапатталды. Мемлекеттік наградаларды Мемлекет басшысының атынан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр табыс етті. Марапаттарға мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері, әуе компаниялары мен әуежайлар мамандары, ұшу экипаждарының мүшелері мен басқа да сала өкілдері ұсынылды. Құрылған ведомствоаралық топтың құрамындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері тиісті жұмысты қамтамасыз етті. Айта кетейік, 3-13 наурыз аралығында 66 рейс орындалып, еліміздің 10 275 азаматы Отанына қайтарылған болатын.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02