5 мыңнан астам қолжазба цифрлы форматқа көшіріліп жатыр
Қазақ әдебиетін, мәдениетін насихаттау үшін 5 мыңнан астам қолжазба цифрлы форматқа көшіріліп жатыр. Сондай-ақ қазақ фальклорының электронды картасы да жасалмақ. Оған қоса, қазақ классиктерінің академиялық толық шығармалар жинағын шығару жалғасын таппақ. Мәселен, осыған дейін Абай мен Жамбылдың, Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаетың, Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары оқырмандардың қолына тисе, алдағы үш жылдың ішінде Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтың шығармалары басылып шығарылады. Мұның бәрі мемлекеттің қаржылай қолдауының арқасында іске асып отыр, - дейді ғалымдар. Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының осыдан 5-6 жыл бұрын 100 миллионның арғы-бергі жағы болатын. Қазір ол 1 миллдиардқа көтерілді. Соңғы нысаналы бағдарлама бойынша біздің институтта әлемдік әдебиеттану, фальклортану, әлемдік өнертану аясындағы қазақ мәдениетінің көрсеткіші ретінде жаңа бағдарлама жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде біз 8 монографияны жарыққа шығарамыз.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02