Алматыда магнолия ағаштары гүлдеп, қалаға ерекше көрік берді
Алматыда хош иісті гүлдерімен ерекшеленетін магнолия ағаштары гүлдей бастады. Сәндік өсімдіктің ерекше кадрларымен қаланың ботаникалық бағы әлеуметтік желіде бөлісті. Онда ағаш бұталарының күлгін не ақ түсте гүлдеп, айналаға көрік беріп тұрғанын аңғаруға болады. «Олардың ірі әрі нәзік гүлдері көктемде жаңарып келе жатқан жасыл желектің аясында ерекше әсем көрініп, нағыз көктемгі ертегі атмосферасын сыйлайды. Бұл кезең ұзаққа созылмайды. Сондықтан дәл қазір магнолиялардың сұлулығынан ләззат алуға тамаша мүмкіндік бар», -дейді ботаникалық бақ қызметкерлері.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28