БҚО-да үш айда 411 адамды ит қапқан
Батыс Қазақстан облысында үш айда 411 адамды ит қапқан. Бұралқы жануардан жапа шеккен 165 бала дәрігер көмегіне жүгінген.
Мәселен екі жыл бұрын қаңғыбас иттер талап тастаған жасөспірім қазір мүгедек болып қалды. Бір аяғы екіншісінен кіші. Мектепке бара алмайды. Үйден оқиды. Былтыр 8 жастағы қыз баланы да бұралқы иттер қауып алған. Тұрғындар бұралқы иттер мәселесін реттеуді сұрайды.
Сейіт Масалимов, қала тұрғыны:
Көршінің қызы шешесі екеуі кешке қарай парктен келіп, аулаға кіреді. Сол кезде үш ит момент қызға шабуыл жасаған. Жамбасынан тістеген. Қаланың іші толған ит. Невозможно. Ветстанса келді, қарады. Іздеді. Бір мезгіл жоқ боп кетті. Одан кейін бір үш айдан кейін қайтадан толып кетті ит деген.
Қазір ит аулау жұмысы ветеринарлық стансадан тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөліміне жүктелген. Ол қызметпен жеке кәсіп иелері айналысады. Заңға сай итті атуға болмайды. Тек залалсыздандырылып, ортаға қайтарылады.
Асылжан Жакин, Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Иттердің аулау ережесіне сәйкес бізде күнделікті шамамен 15-20 ит ауланады. Сосын клиникаға апарып, зерттеу жасалғаннан кейін өзінің жүрген жеріне кері жіберіледі. Агрессия білдірген, қапқан не сондай оқиға болған жағдайда ондай иттерді эфтаназия арқылы ұйықтатып тастайды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз үш алтын және бір күміс алды
10.04.2026, 13:24
Қазақ музыканттар Брюссельде концерт қойды
10.04.2026, 13:21
Мұнай қайта қымбаттап жатыр
10.04.2026, 13:09
Ертең Исламабадта Иран – АҚШ келіссөзі басталуы тиіс
10.04.2026, 13:06
Биыл 3300-дей қандас атамекенге оралған
10.04.2026, 13:03
Шығыста қар, батыста жаңбыр жауады
10.04.2026, 13:00
Бүгін бес боксшымыз алтынға таласады
10.04.2026, 10:45
Алматыда магнолия ағаштары гүлдеп, қалаға ерекше көрік берді
10.04.2026, 10:43