Ырғыз ауданында ветеринар тапшы
Ауылға маман қажет! Ақтөбе облысының шалғайда жатқан Ырғыз ауданында ауыл шаруашылығы саласында 20 жұмыс орны бос тұр. Сондықтан аудан басшысы мен ауыл әкімдері облыс орталығындағы колледжге келіп, түлектермен кездесу өткізді. Мақсат – ауылға механизаторлар мен ветеринарларды тарту.
Еркін Жүсіпов, ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының басшысы:
Ветеринар мамандар қажет. Жер болғасын жермен де айналысып, жылыжайлар салу, агрономия мамандары да керек енді. Механиктер де керек. Сонымен бірге мал басын асылдандыру керек. Асылдандыруға зоотехникатер керек. Мал баққаннан кейін мал басын асылдандыру керек.
Қазір 15 мың халқы бар ауданда 300-ге жуық ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс
істейді. Соңғы жылдары мал басы көбейіп, салаға салынған инвестиция артқан.
Колледж студенттерінің арасында ауылға барып, қызмет етуге ниетті жастар бар.
Олар мал шаруашылығынан бөлек дәнді-дақылдар мен бақша өсіруге қызығушылық танытып
отыр.
Нұрдәулет Тұрсынбайұлы, студент:
Алдағы уақытта бізге, жастарға берілетін мүмкіндік туралы бәрін кірістіріп айтып жатыр. Осы ветеринария мамандығы бойынша туған өлкем – Ырғызға барып жұмыс жасағым келеді. Өйткені туған жердің бізге деген сенімі үлкен жауапкершілік болмақ.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07