Басты Жаңалықтар Ғылымға қолдау - болашаққа инвестиция

Ғылымға қолдау - болашаққа инвестиция

Елімізде ғалымдардың тың идеяларына қолдау көрсететін бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Мемлекет ғылыми кадрлардың әлеуетін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шараларды қолға алған. Соңғы үш жылда жас ғалымдарды тегін және жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама аясында баспанамен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып келеді. Бүгінде елдегі 28 мыңға жуық ғылыми қызметкердің жартысына жуығын жас зерттеушілер құрайды. Қазіргі уақытта олар түрлі ғылыми бағыттарды қамтитын 500-ге жуық жобаны жүзеге асырып жатыр.

Шахислам Лайсханов, ҚР ҰҒА жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары:

Қазіргі кезде жерді қашықтан зерделеу материалдары мектеп географиясында оқытудың әдістемесін жасап жатырмыз. Өйткені, жоғары сынып географиясының мазмұнына енген, оқу мақсаттарында бар оларды қолдану. Бірақ, практика жүзінде қолданысы төмен болып отыр. Ол мұғалімдердің жерді қашықтан зерделеу материалдарын, гаджет технологиялрын қолдану дағдыларымен тікелей байланысты.Мектеп мұғалімдеріне әдестемесін әзірлеудеміз қазір.

Ғалымдардың айтуынша, медицина саласындағы ғылыми жетістіктер нақты нәтижесін беріп отыр. Әсіресе, бала сүюді ұзақ күткен отбасылар үшін мүмкіндік артқан. Осы ретте, «Аңсаған сәби» бағдарламасы күткен үмітті ақтап отыр, - дейді ғалымдар.

Вячеслав Локшин, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Медицианадағы ғылыми жетістіктің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Көбіне - кардиохирургия, нейрохирургия, репродуктивті медицинада саласында. Бүгінде «Аңсаған сәби» бағдарламасының шарапатын көргендер көп. Елімізде жасанды ұрықтандыру жолымен жалпы 47 мың  бала дүниеге келген.


Бөлісу