Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
Еліміздің телевизиялық кеңістігінде ерекше із қалдырған «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу бүгін Семей қаласында өтті. Мегажобаға қатысып, жұлдыз атанғысы келетіндердің қатары көп. Үміткерлер таңнан бері іріктеу өтіп жатқан «SEMEY» телеарнасының студиясын әнге бөледі. Ән атасы - Әміренің туған топырағынан шығып, өнерімен танылғысы келген таланттар көп. Семейден ғана емес, тіпті Өскемен, Моңғолия мемлекеті мен Алматы қаласынан арнайы келгендер бар.
Жанар Серікбекова, жобаға қатысушы:
Алматыдан келу себебім - туған жерімнің атынан шығу. Жалпы, жоба өте қызықты өтіп жатыр. Әркім өз бағын сынап жатыр. Өзімнің мақсатым -осы жобаға өтіп, өзімнің өнерімді халыққа паш ету.Іріктеу бұған дейін еліміздің төрт қаласында өтті. 150 өнерпаз таңдалып, SuperStar-дың бастапқы кезеңіне жолдама алады.
Нора Нұғман, музыкалық продюсер:
Әртіс деген қазақша да, ағылшынша да айтуы керек. Дәстүрлі әнді де айтуы керек. Эстрада жағынан өзін көрсетуі керек. SuperStar KZ жобасы сондай таланттарды іздеп жүр. Бір айдың көлемінде айтамыз. 150 адам бірінші топқа кірді. Сол 150 адам өнер көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы