Басты Жаңалықтар Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді

Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді

Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.
Басқосуда ел шежіресінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңі жайлы томның қолжазбасы қаралды. Редакциялық алқа мүшелерінің ұсыныстары негізінде жаңарған бесінші томның құрылымы мен мазмұнын тарих ғылымдарының докторы, академик Зиябек Қабылдинов таныстырды. Редакция алқасы бесінші томның қолжазбасын бекітіп, баспаға дайындау туралы шешім қабылдады. Бұдан кейін кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихына арналған алтыншы том қаралды. Аталған томның тұжырымдамасы, құрылымы мен мазмұны туралы тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева баяндады. Сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасованың, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Андрей Чеботаревтің рецензиялары тыңдалды. Ал редакция алқасының өзге мүшелері құнды еңбекке қатысты өз ой-пікірін ортаға салды.Жиын соңында редакция алқасы «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның алтыншы томын қарауды келесі отырыста жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Бөлісу