Басты Жаңалықтар Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев

Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев

Ертең қазақ ғылымының атасы Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол еліміздің геология саласын дамытып, «Жезқазған» мыс кен орнын әлемге танытты. Оның еңбегі тек ғылымда емес, ел экономикасында да айрықша маңызды. Қаныш Сәтбаев елдің индустриялық әлеуетін сақтап қалуға үлкен үлес қосты.
Қазақтың қазба байлыққа толы кең даласын зерттеген Қаныш Сәтбаев, елдегі өндірістің өркенудеуіне жол ашты. Ол «Жезқазған» кен орнын әлемдік деңгейдегі ірі мыс қоры екенін дәлелдеді. Ұлытау, Қаражал, Жәйрем сияқты ондаған өңірде кен орындарын анықтады. Соның арқасында, мыс, марганец, қорғасын мен мырыш сияқты қазба байлықтар игеріліп, зауыттар ашылып, өнеркәсіптің қуаты артты. Тіпті, соғыс кезінде шұғыл қабылдаған шешімдері, оның ерлігін көрсетті. Мәселен, Украина мен Ресейдегі марганец шығартын зауыттар қорғансыз күйде қалғанда, Сәтбаев Жездідегі кен орнын ұсынды.
Ақылбек Жүнісов, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты:

Сол кезде Қорғаныс комитеті геологтардың алдына үлкен тапсырма қойды. Тез арада Оралдағы металлургия шығаратын зауытын, яғни танкілер шығаратын,оқ шығаратын зауыттты марганецпен қамтамасыз ету. Сонда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың азаматтық ерлігі сол кезде, ол кісі осы «Жезді» кен орнын ұсынды. Сөйтіп, «Жезді» кен орны 36 күннің ішінде зауытқа өнім бере бастады.
Қазба байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалымның мұндай табанды еңбегіне арқау болатын кез көп. Сәтбаев, тек геолог емес, оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесі зор. Ол 25-ке жуық диапазоны кең, қиын әндерді орындаған.
Тоқтарбай Елдос, алаштанушы:
Қаныш әнші болған. Қаныштың айтқан әндерінің бәрі Затаевичтің «Қазақтың мың ән, 500 күйі» деген кітапқа кірген. Ол Жарылғапбердінің «Шама» деген әнін орындаған. Ол үлкен ән. Қаныш Имантайұлы қазақ театр өнерінің қалыптасуының басында тұрды. Актер, режиссердің рөлін атқарды. Қазақтың ән, күйі, энографиясын хатқа түсірген адам.
Ұлттық мүддеге қызмет еткен тұлғаның Алаш зиялылыларымен де рухани сабақтастығы үзілген емес. Әлихан Бөкейханның көзін көрген, 25 жасында Ахмет Байтұрсынұлының қолдауымен «Алгебра» кітбын» жазып шыққан. Міржақыптың әдебиеті санасына серпіліс бере, Мұстафа Шоқайдың ағартушылық идеялары ұлттық ғылым мектебін құруға әсер етті. Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұланмен бірге оқыған.
Аңсаған Дәулетұлы, жас ғалым:
Қаныш Сәтбаевтың негізгі мұрасы біздің жастардың алдындағы ол кісі салып кеткен сара жолды тоқтатпай, маштабын төмендетпеу жастардың алдындағы бірінші кезектегі мұрасы осы деп ойлаймын.Әрбір геолог болғысы келетін мамандарға Қаныш Сәтбаев атамыздың жазып кеткен еңбектері, зерттеулері базалы, фундаменталды материалдар болып табылады. Сәтбаев жердің үстіне қарап жердің астында не жатқанын өсімдігіне қарап не бар екенін де дейін біле білген.
Ғұмырын ғылымға арнаған тұлға Ұлттық ғылым академиясын құрып кетті. Гуманитарлық және жаратылыстану бағын қатар меңгерген өзі, академияда ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика әрі философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі салаларында жаңа академиялық институттар ашты.

Бөлісу