Басты Жаңалықтар «Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды

«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды

Бүгін - ғылым күні. Бүгін адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқан күні.
Ал «Артемида-2» миссиясының астронавттары «Орион» ғарыш кемесімен адамзаттың ғарышты зерттеу тарихында тұңғыш рет Жерден ең алыс қашықтыққа ұзап, Айдың арғы бетін айналып ұшып, кеше Жерімізге оралды. АҚШ-тың батыс жағалауындағы Тынық мұхитының айдынына қонды!
NASA астронавтары Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және Канада ғарыш агенттігінің астронавты Джереми Хансен 1970 жылы «Аполлон-13» орнатқан рекордты жаңартты. «Аполлон-13» экипажы Жерден 400 171 шақырымға ұшса, «Артемида-2» 406 771 шақырымға жетті.
Айдың арғы бетінің үстінен ұшып өту кезінде кеме Ай бетіне барынша жақын — 6 550 шақырым қашықтықта болды. Сондықтан астронавтар түрлі цифрлық камералармен егжей-тегжейлі фотолар түсірді және көрген-білгендерін аудиоға жазды. Рас, адамның көзі фото-видеодан да артық байқайды.
Иә, Айдың Жерден ешқашан көрінбейтін арғы жағын айналып өту деген — фантастика енді!!! Ғарышты игерудің жаңа дәуірі басталды. Жаңа технологиялық прогрестің жаңа көкжиектерге жетелеуі заңды, табиғи.
Бұл миссияның маңызы мен мәнін қысқаша қайыра алмайсың. The New York Times басылымы Америка гелий-3 және басқа да өте құнды ресурстарға қол жеткізу үшін Айға қону мәселесінде Қытайдан бұрын әрекет етуге тырысып жатыр деп жазған. Иә, Айды игеру жолында екі негізгі ойыншы — АҚШ пен Қытай. Айтпақшы, Айды зерттеуге біздің Қытаймен бірігіп қатысамыз дегеніміз не болды?

Бөлісу