Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевқа көше аты берілген
Мәскеуде жыр алыбы Жамбылдың 180 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Мәдени іс-шараның көрші ел астанасында өту себебі – соғыс жылдарында «Ленинградтық өренім» атты өлеңімен жауынгерлерге қайрат берген ақынның есімі ресейліктерге жақсы таныс. Қазіргі уақытта Санкт-Петербургте жыр дүлділінің ескерткіші бар. Сонымен қатар Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевқа көше аты берілген. Бүгінде оның өлеңдері 40-тан астам шет ел тіліне аударылған. Бұл Жамбылдың әлемдік деңгейдегі ақын екенін айғақтайды дейді конференцияға қатысушылар. Жамбыл мұрасын дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысушылар оның ән-жырларын, айтыстарын және қайраткерлігін әңгімеге арқау етті.
Гүлшат Алимова, қалалық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы басшысының орынбасары:
Жамбыл Жабаев әлемдік тұлға. Бүгін бірнеше бастама көтердік. Яғни, «Ленинградтық өренім» өлеңін Ресейдің мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Сонымен қатар Мәскеудегі көшелердің біріне Жамбыл Жабаевтың есімін беру керек деп есептейміз. Жыр алыбының өлеңдерін зерттеу, насихаттау Ресей қазақтарының міндеті.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28