Басты Жаңалықтар «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу Павлодарда өтті

«SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу Павлодарда өтті

Талай талантты киелі сахна төріне алып келген «SuperStar KZ» телевизиялық жобасына үміткерлерді іріктеу Ертіс-Баян өңірінде жалғасты. Жаңа жұлдыздардың есімі айқындалатын ән байқауына 130 дан астам өнерпаз қатысты.

Мегажобаға қатысып, жұлдыз болғысы келетіндердің қатары 130 дан асты. Бұрын соңды өтіп жүрген ән байқауларына осыншама үміткер жиналған емес. Үміткерлерді іріктеу болып жатқан «Ертіс» телеарнасының студиясына Павлодар ғана емес, Шымкент, Тараз, Көкшетау, Ақтау қаласынан да өнерпаздар келді. Нұрлы Әміржан дәстүрлі ән бойынша танылғысы келеді екен. Ол Солтүстік Қазақстанның азаматы.
Нұрлы Әміржан, үміткер:
Бұл біздің мүмкіндік. Мүмкіндікті жіберіп алмау біздің мақсатымыз. Яғни бұл жастар үшін үлкен бір болашаққа жол ашатын жоба деп сенемін.
Сонымен «SuperStar KZ» араға 20 жыл салып қайта жанданды. Телевизиялық жобаның бастапқы кезеңіне сенімді түрде келген  жастардың қарасы әдеттегідей  көп болды.
Сейілхан Әлішер, үміткер:
Бір ай бұрын өзім дайындалып жүргенмін. Осы SuperStar-ға келген кезде көбімізде қобалжу бар. Өзім Үштерек деген ауылданмын. Ақсу қаласының жанында. Сол гитарамен 7 жасымнан бері айналысамын. Осы гитараға, ән жолына алып келген өзімнің ағам.
Серікгүл Бекжан, үміткер:
SuperStar-ға өзім ғана емес, музыкант достарыммен бірге келдім. Және көп қатысушылармен таныстық.ән айттық. Көңіл күй жақсы болды. Өте жақсы дайындықпен келдім.
Еліміздің бесінші қаласында өтіп жатқан өнер додасында қазылар топ жарар өнерпаздардың ерекше аяқ тастасын Павлодардан да байқап қалдық дейді.
Ғалымжан Кеңшілік, жүргізуші:
Дәл осындай белсенді, талантты жастардың арасынан негізгі кезеңге өтетін өнерпаздарды таңдау өте қиын болатын секілді қазылар алқасына. Бірақ бәлкім бүгін келіп отырған Павлодарлық жастардың ішінен SuperStar атануы мүмкін шығар біреу.
Кастингке қатысып, бақ сынау 26 сәуірге дейін жалғасады. Алда Қостанай, Астана, Қызылорда және Алматы. Жарқ етер жұлдыз аймақтардан іріктелген 150 өнерпаз қатысатын финалда белгілі болады.


Бөлісу