Таразда 538 көп қабатты үй тозып тұр
Таразда 550-ге жуық көпқабатты үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Баспаналардың басым бөлігі жарты ғасырдан бері сылақ көрмеген.
Соның салдарынан кейбір үйлердің шұрық тесік шатырынан су
сорғалап, жертөлесін жағымсыз иіс
жайлаған. Қыстың күні жарығы да жиі сөнеді.
Соның бірі Асқаров көшесіндегі 200-ден аса тұрғыны бар №21 үй. 51 жыл
бұрын салынып, әлі күнге күрделі жөнделмегендіктен бетон шатыры жарылып
кетіпті. Пәтерлердің
төбесінен су сорғалай бергендіктен сылақтары сыпырылып түскен. Ал 3 жыл бойы
қала билігіне шағым
айтқан бұқара жауаптылар жөндеу жүргізуге құлықсыз деп отыр.
Меруерт Сәметова, Тараз тұрғыны:
Құбырлардың барлығы шіріп кеткен. Астында шынын айтқанда қазір құрттар бар деген сияқты. Ауызсу трубалардың шіруіне байланысты тұтынуға мүлдем жарамайды. Сол себепті біз сырттан 5 литрлік баклашкалармен әкеп тұтынамыз. Әйтпесе бізде тұрған таза суды қолдана алмай отырмыз қанша жылдан бері. Кешкі уақытта бізде напор болмайды. Ондай кезде біз кезекпен пайдаланамыз десек те болады.
Тараз әкімдігі жаңғырту бағдарламасы былтырдан бері тоқтап тұрғанын айтты.
Былтыр және биыл жөнделуі тиіс 130-дан аса үйге
әлі күнге қаржы қарастырылмаған. Қалай қаржы бөлінеді, солай жөнделе бастайды.
Сұлтанмахмұд Өтешов, қала әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
Өтінім бергенбіз, республикалық бюджетке 7,8 миллиардқа, 73 үйді күрделі жөндеуге. Өкінішке қарай, қаржы тапшылығы, болмады қаржы бөлінбеді. Бірақ біздің бюджеттік өтініміміз өтпелі біз қайтадан жаңартып қайтадан енгіздік. 2026 жылға осы 2025 жылы жасалмаған үйлер 73 үйді жасау жоспардамыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15