Ақтөбелік оқушылар гүл өсіруді үйреніп жатыр
Ақтөбелік оқушылар гүл өсіруді үйреніп жатыр. №55 орта мектеп-гимназиясының ұжымы наурыз айында шырайгүл тұқымын жылыжайға отырғызған. Енді дайын өскіндерді аулаға егіп жатыр. Оларды күтіп-баптау, арамшөбін жұлып, суаруды да жоғары сынып оқушылары мойындарына алған. Білім беру мекемесінде «Ecolife: сана таңдауы» тақырыбында экологиялық сабақ та өтті. Онда ұстаздар өз тәжірибесін көрсетті. Оқушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» челленджін жүргізуді жоспарлап отыр.
Кәусар Алдоңғарова, оқушы:
Бұл бізге келешекке аманат екенін біліп, сезініп, оны сақтауды осы арқылы үйреніп жатырмыз. Қоршаған ортаны сақтау ол тек үлкен мекемелердің міндеті емес, әрбір адам осылай өзінің айналасын тазалап жүруі керек. Кішкентай нәрсенің өзі үлкен өзгеріске алып келеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17