Бельгиялықтар «Қаражорғаға» билеп, флешмоб ұйымдастырды
Қазақтың ұлттық әуендері Брюссель аспанын әуелетті. «Shanyraq Fest Brussels» деп аталатын фестиваль аясында Бельгиядағы қазақстандықтар мен шетелдіктер еліміздің Брюссельдегі елшілігінде ұлттық билерді билеп, флешмоб ұйымдастырды.
Шараға отандастарымызбен бірге Еуропалық институттар мен іскерлік топ өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері мен Димаштың Бельгиядағы жанкүйерлері қатысты. Екі жүзден астам адам, «Қара жорға», «Мен Қазақпын», «Бір бала» әндерін қосыла шырқап, мың бұрала биледі. Сондай-ақ елшіліктің аумағында орнатылған киіз үйдің жанында «Шаңырақтың» бейнесін сомдап, Қазақстан халқына сәлем жолдады. Шетелдік меймандар мәдени дипломатия-ұлттар мен елдер арасын біріктіретін алтын көпір деседі.
Брижит Реру, Брюссель тұрғыны:
Мен Қазақстанды қатты жақсы көремін. Сайын даласы, музыкасы, музыкалық аспаптары, бәрі ғажап. Мәдени мұраны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырғандарыңызға тәнтімін. Бүгін киіз үйді өз көзіммен бірінші рет көріп, шараға қатысып, қуанып тұрмын.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17