Павлодарда жұмысшылар үйінді астында қалды
Павлодарда жер қазу жұмыстары кезінде екі адам үйінді астында қалып, қаза тапты. Тағы үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар келгенше кәсіпорын қызметкерлері бір адамды өздері шығарып алған. Тағы екі жұмысшыны Төтенше жағдайлар қызметі 6 метр тереңдіктен алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, жұмысшылар кәріз құбырын ауыстырып жатқан. Облыстық полиция қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.
Думан Қыдырмоллаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Түсте сағат 2-ден 23 минут кеткенде Ақтоғай көшесінде 5 жұмысшының топырақ астында қалғаны туралы хабар жетті. Құтқару қызметі жедел іске кірісті. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шеккендерді жедел жәрдем бригадаларына ауруханаға жеткізуді тапсырды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17