Балалардың пойыздағы қауіпті әрекеті тексеріліп жатыр
Алматыда жасөспірімдердің пойыз үстінде ойнаған қауіпті әрекеті тексеріліп жатыр. Әлеуметтік желіде жүріп бара жатқан жүк пойызының вагондарының сыртында отырған балалардың видеосы тарады. Бұл дерек бойынша материал Алматы-1 станциясындағы Көліктегі полиция басқармасында тіркеуге алынды. Қазір оқиғаға қатысы бар жасөспірімдер іздестіріліп жатыр. Жаз мезгілінің жақындауына байланысты тәртіп сақшылары теміржол маңында тұратын ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Себебі мұндай әрекеттер адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Ләззат Қасымжанова, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі:
Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оқиғаның күні, орны және барлық мән-жайлары, сондай-ақ қатысушылардың жеке тұлғалары анықталуда. Тексеру қорытындысына сәйкес, осы оқиғаға қатысқан тұлғаларға, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02