Биыл 400 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жыл басынан бері 400 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері айтты. Игерілмеген алқаптың барлығы дерлік бірте-бірте халық пайдасына беріліп жатыр. Кейінгі төрт жылда жалпы аумағы 15 млн гектар мемлекет меншігіне өтсе, соның шамамен 3 жарым млн гектары үлестірілді. Тағы 6 миллион гектардан астамы шаруалардың арасында конкурс негізінде бөлінді. Бұл учаскелерде бес жыл сайын арнайы мониторинг жүргізіледі. Егер шаруа қожалықты дамытпаса, жер қайтадан Үкіметке өтеді.
Дархан Сұлтанбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:
Ол жерге, бәлкім, ол тұрғын үй салып тастауы мүмкін немесе коммерциялық обьект салуы мүмкін немесе ол жерді мемлекеттен алады да, мүлдем игерілмей бос жатуы мүмкін. Сондай жағдайда Жер кодексінің 92-бабында анық көрсетілген. Жер ұтымсыз пайдаланылса, мемлекетке қайтарылады.Жерді бөлу кезінде жемқорлыққа жол бермеу үшін арнайы ақпараттық жүйе құрылады. Онда учаскелердің аумағынан бастап геоботаникалық деректерге дейін болады. Яғни шаруалар егінге кіріспей тұрып, топырақтың құнарлығы жайында ақпарат алады. Осылайша, олар жылдағыдан еселеген көлемде өнім жинай бастайды, дейді мамандар. Жоба Ақмола облысында сынақтан өтіп жатыр. Жыл соңына дейін республика бойынша қолданысқа енеді.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың мүддесі үшін маңызды. Ғимаратта отырған шенеуніктің алдына барып, қолын жайып сұрай ма, әлде цифрлық жүйе арқылы ешкімге жалынбай заңды түрде мәселесін шешіп ала ма? Сондықтан цифрлық технологиялар әсіресе шалғай ауылдарға жету керек.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03