Қостанай облысында 31 адамды кене шаққан
Қостанай облысында соңғы екі аптада 31 адамды кене шаққан. Оның сегізі – балалар. Дені облыс орталығы мен Рудный қаласының тұрғындары. Мамандардың айтуынша, биылғы көктем жылы болған соң, қансорғыштардан да қауіп ерте басталған. Ал медициналық көмекке жүгінгендердің арасында қауіпті дерт жұқтырғандар жоқ. Алайда мамандар қазір жабық киініп, бас киіммен жүруге кеңес береді. Ал табиғат аясына шыққанда әрбір екі сағат сайын денені тексеріп отырған абзал. Кене шаққан жағдайда бірден жақын жердегі емханаға жүгіну керек.
Гүлім Досымова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Жеңі, балағы ұзын, ашық түсті киім киген жөн. Матасы қалың болғаны дұрыс. Қостанай облысы эндемикалық өңірге жатпайды. Санитариялық-эпидемиялық бақылау қызметі жыл сайын кенедегі вирус циркуляциясына мониторинг жүргізеді. Биыл 2 мыңға жуық кене жиналып, зерттеледі деп жоспарланып отыр.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17