Басты Жаңалықтар Бозжыра шатқалында визит орталық құрылысы аяқталды

Бозжыра шатқалында визит орталық құрылысы аяқталды

Маңғыстауда Бозжыра шатқалы аумағындағы туристерге арналған визит орталықтың құрылысы аяқталды. Жоба осы айда іске қосылады деп жоспарланып отыр. Одан бөлек, атақты туристік орында тағы да екі инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Айта кетейік, Бозжыра шатқалы - әлем жұртшылығын тамсандыратын ерекше табиғи мекен. Сондықтан туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру, заманауи инфрақұрылымды дамыту бағытында кешенді жұмыстар басталды. Аягөз Оралбайқызы тарқатып айтады.
Бозжыра шатқалы туристер арасында ең танымал орындардың бірі. Қазірдің өзіңде, міне, Италиядан, Франция, Қытай, Жапония, Таиланд елдерінен туристер келген. Әлем халқын бұл аумақ әдемі пейзажымен қызықтырады. Мысалы, мына миллиондаған жылдар бойы жел мен судың әсерінен қалыптасқан борлы тау осы жердің ең ерекше нысаны.
Гүлвен Жугон сүйіктісімен бірге Францияның Ренн қаласынан келген. Олар үш айдан бері әлемді аралап жүр. Өзбекстаннан кейін Маңғыстауға табан тіреген саяхатшылар Бозжыра шатқалын көріп, ерекше әсерге бөленді.
Гулвен Жугон, франциялық турист:

Маңғыстауға келгенімізге бес күн болды. Мұндағы халықтың тұрмыс деңгейі жоғары, өңір экономикасы да жақсы дамыған. Қызмет көрсету саласы мен қонақ үйлері да жақсы Ал табиғаты тіпті таңғажайып. Бозжыра - өз алдына бөлек әлем, нағыз картина іспетті.
Динара Төлемісова, астаналық турист:
Атақты Бозжыра шатқалын көру үшін Астана қаласынан арнайы келдім. Расында да, өте әдемі жер. Маңғыстау қасиетті орындар мен ерекше ландшафты аймақтарға бай өлке екен.
Былтыр аймаққа 420 мың турист келген. Оның 380 мыңы ел азаматтары ал, 44 мыңға жуығы шетелдіктер. Соның басым бөлігі Бозжыра шатқалына соқпай кетпейді, дейді мамандар. Сондықтан туристерге бағыт-бағдар беретін алғашқы визит орталық салынды.
Әсет Шәмбілов,  жоба жетекшісі:
Біздің мақсатымыз - осы жерге келіп жатқан туристерді қабылдау, білесіздер қазір сезонында туристер көп келіп жатыр біздің елімізге. Түсіндірме жұмыстары болады осы жерде, мына жерде музейлер болады Осы сәуірде ашыламыз деген есеппен отырмыз.
Визит орталығы Бозжыра шатқалынан 18 шақырым қашықтықта, күре жолдың бойында орналасқан. Мұнда күніне 50-60 адамға қызмет көрсетілмек.
Нұрсұлтан Ғиният, облыстық Туризм басқармасы басшысының орынбасары:
Бозжыра шатқалында 2025 жылдан бастап 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Барша көлемі 3 млрд-қа жуық және жаңадан 60-қа жуық жұмыс орны ашылады. Бұл үлкен визит орталықтар және де үлкен этнокафелер, мейрамханалар ашылуы жоспарлануда.
Аймақта туристерге қызмет көрсету саласы дамып келеді. Былтыр құны 20 мрлд теңгеден асатын қызмет түрлері көсетілген.

Бөлісу