Павлодарда топырақ астында қалып қойған жұмысшылардың жағдайы жақсарып келеді
Кәріз құбырын ауыстыру кезінде топырақ астында қалып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген жұмысшылардың беті бері қарады. 1966 жылғы ер адам жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Ал 2001 жылғы науқас реанимацияда, әлі дәрігерлер бақылауында. Үшіншісі үйіне жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, кеше жер қазып жатқанда топырақ опырылып кетіп, екі жұмысшы қаза тапты. Үш адамды құтқарушылар 6 метр тереңнен алып шықты. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Еңбек инспекциясы жанынан арнайы комиссия құрылды. Алдын ала мәліметке қарағанда, техникалық қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Құмнан қорғайтын қорғаныш қойылмаған.
Абылай Сабыров,
Еңбек инспекциясы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда арнайы комиссия тергеуді ұйымдастырып жатыр. Себеп-салдары анықталады, тергеу біткен соң белгілі болады.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27