Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
Отбасы құндылығын сақтау – қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаңа Конституцияда неке мен отбасы институтына қатысты арнайы баптың енгізілуі отбасылық саясатты стратегиялық деңгейге көтереді. Ақмола облысында шаңырақтың беріктігін сақтап, өзара қамқорлық пен сыйластықты ту еткен отбасылар жетерлік. Олардың бірімен әріптесіміз Бибінұр Әмірханқызы танысып қайтты.
Нұржан Ысқақов – Ақмола облысы бойынша жалғыз балалар нейрохирургі. 20 жылдық
еңбек өтілі бар дәрігер ауыр отадан кейін үйге шаршап келгенде отбасымнан рухани
күш аламын, екінші тынысым ашылады дейді.
Нұржан Ысқақов, нейрохирург:
Отан - отбасынан басталады дегендей, әр адамға өзінің отбасы ең жақын, ең маңызды ортасы болып келеді. Ол ортада әр адам қоғам мүшесі ретінде бақытты болса, қоғам да бақытты болады. Отбасы мықты болса, мықты қоғам болады.
Осыдан 19 жыл бұрын шаңырақ құрған Нұржан мен Мира Ысқақовтар бүгінде 5 бала
тәрбиелеп, өсіріп отыр. Үлкендері Дидар 18-де, Назарбаев зияткерлік мектебінің
12-сыныбында оқиды. Болашақта инженер боламын дейді. Ал кенжелері Айтуар 1 жас 10 айда
ғана. Былдырлап, енді сөйлеп жүр.
Мира Ысқақова, көпбалалы ана:
Ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, қазақи тәрбиеге көп көңіл бөлеміз. Әкесі дәрігер болғандықтан, анасы ұстаз болғандықтан, білімге көңіл аударамыз.
Бүгінгі қоғамда зорлық-зомбылық, тастанды бала мен қараусыз қарттар мәселесі
өзекті. Тек Ақмола облысы бойынша қарттарға арналған 5 мекеме бар. Онда 420 қария
пана тауып отыр. Сондықтан «Неке және отбасы» бабы баланың құқықтарымен бірге
міндеттерін де заң жүзінде күшейтуге бағытталған, дейді мамандар.
Берік Нүкиев, заң ғылымдарының
магистрі:
Қазір қарттар үйіне барсаңыз, басқа ұлттармен бірге біздің қазақ ұлтының да ата-әжелері отырғанын көресің. Осындай болмас үшін бұл «Неке және отбасында» әсіресе көңіл бөлінгені ата-аналарды қартайған ата-аналарды балаларының бағып-қағуы, күтуі ол міндет болып есептеледі. Бұл отбасы институтын нығайтады.
Нұржан мен Мира Ысқақовтар болса, балаларының қазақы тәрбие алуына үлкен мән
береді. Себебі ата-анаға, балаға деген мейірімділік, отбасындағы татулық сияқты
қасиеттердің бәрі ана тілімізде, салт-дәстүріміз бен ұлттық санамызда жатыр дейді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15