«Aral Geopark» жобасы UNESCO тізіміне енгізілмек
Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жобасы ЮНЕСКО ұйымының ғаламдық геопарктер тізіміне енгізілмек. Осыған орай халықаралық сарапшылар Сыр өңіріне арнайы келіп, экологиялық аумақты көзбен көрді. Жыл сайын теңіз ұлтанынан мыңдаған тонна тұзды тозаң көтеріледі. Соны тоқтату үшін орманшылар қураған жерге шөлге төзімді ағаштар егіп жатыр. Сортаң жерде өскен бір түп сексеуіл 3 тоннаға дейінгі құм көшкінін ұстап қалуға қауқарлы. Осындай іс-шараларға серпін беретін «Aral Geopark» жобасын халықаралық ұйым тізіміне енгізудегі мақсат экологиялық проблемаға әлем назарын аудару.
Алиреза Амриказеми, халықаралық UNESCO ұйымының өкілі:
ЮНЕСКО эксперті ретінде негізгі мақсатым – геопаркті зерттеп, номинацияға ұсынуға, құжаттарын толықтыруға кеңесімді беру. Және Арал геопаркі – тек Қазақстанда ғана емес, ол Орталық Азиядағы ең алғашқы геопарктің бірі боламқ. Арал теңізінің проблемасы адамның қолымен жасалғандықтан, оны адамдар шешуі керек. Тек теңізді қалпына келтіру емес, оның этно, мәдени тұстарын, компоненттерін біріктіре отырып, жобаларды іске асыру. Бұл ЮНЕСКО тізіміне енсе, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15