Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты меңгерген сарбаз борышын өтеуде
Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты
шебер меңгерген сарбаз әскери борышын өтеп жүр. Рамзат Азизұлы қазір Түркістан
қаласындағы 5574 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер. Домбыра, шертер, гитара
және бас-гитараны, сондай-ақ, ұрмалы аспаптарды еркін меңгерген. 21 жастағы
Рамзат Жамбыл облысының Жуалы ауданының тумасы. Ата-анасы музыка пәнінің
мұғалімі. Әскерге шақырылғанға дейін ол Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы
мемлекеттік академиялық филармония жанындағы «Қорқыт» этно-фольклорлық
ансамблінің құрамында өнер көрсеткен. Музыкант ретінде телевизиялық жобаларға да
қатысқан. Ал әскерде оның музыкалық қабілеті қызметтің алғашқы
күндерінен бастап қолдау тапқан.
Рамзат Азизұлы, 5574 әскери бөлімінің сарбазы:
Жалпы, әскерге келгелі өзімнің өнер жолымды жарты жолдан қалдырып кетпей, осы жерде жалғастырудамын. Қазіргі таңда әр мерекеде әр іс-шараларда өз өнерімізді көрсетіп, қарулас бауырларымыздың рухын көтеріп, іс-шараға атсалысып, қызметте жүреміз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28