Алматыда Беларусь Республикасының Бас консулдығы ашылады
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады. Президент қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1,2 миллиард долларға жеткен. Кездесуде өнеркәсіп кооперациясы, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдету талқыланды. Сондай-ақ, Президент Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығын ашу жоспарын құптап, бұл мемлекеттеріміздің аймақтары арасындағы байланысты кеңейте түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз. Беларусь мемлекеттілігіне, оның төл мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Биыл мамыр айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткіземіз. Сол кезде көпжақты күн тәртібінен бөлек, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты басқа да мәселелерді міндетті түрде талқылаймыз.
Максим Рыженков, Беларусь Республикасының сыртқы істер министрі:
Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісінде толайым табыс тілеймін. Қазақстанның бүгінгі саясатының түп негізінде қарапайым адамның, халықтың және мемлекеттің мүддесі жатқанын атап өткім келеді. Мұндай әлеуметтік саясат елдерімізді жақындастырып, барлық бағыттағы байланыстарымызды бекемдей түседі.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28