«ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президентіне іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» акционерлік қоғамының бұрынғы вице-президенті Азамат Капеновке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген. Соның салдарынан ұлттық компанияға 5,2 миллиард теңгеден астам шығын келген. Қазір Капеновке халықаралық іздеу жарияланды. Соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай тағайындалды.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03